Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер:

1) Мекеменің атауы: «Жетістік мектебі КЕРІМ-АЙ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балабақшасы. Сыйымдылығы  75 орын.

2) Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе  облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Центральная көшесі 10 үй.

3) Заңды тұлғаның байланыс деректері: 87479000028, 87777377787, электронды поштасы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

4) Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері: Умурзаков Азамат Кадыргалиевич, 2015 жылы 06  қараша  №1 ЖШС «Жетістік мектебі КЕРІМ-АЙ»  бұйрығымен тағайындалған.

5) Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары: Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы Ақтөбе облысының Әділет департаменті Ақтөбе қаласының әділет бойынша бірігей нөмер 10100287921304  05.10.2018 жылы берілген, БСН-151140005333. 

6) Рұқсат беру құжаттары: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы 2017 жылғы 27 шілдедегі  берілген  хабарлама. 

Білім беру ұйымының білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына сәйкес  «Жетістік мектебі КЕРІМ-АЙ» балабақшасында оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарына негізделіп іске асырылады.

Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, күніне 10,5 сағат.  Балабақшасының сыйымдылығы 75 орын, 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін 3 топ 63 бала тәрбиеленді (бала саны жеткіліксіз болғандықтан).  Казіргі таңда 04.01.2023 жылдан бастап 4 топ құрылды 78 бала тәрбиеленуде (3 балаға доп.соглашение), барлығы жас ерекшелігі бойынша топтарда отыр.   3-5 жас аралығындағы балалар қабылданады. Күн тәртібі бойынша балалар  5  мезгіл  тамақтандырылады.   Балабақшаға тәрбиеленушілер контингенті balabagsha.akt.kz сайтының жолдамасы арқылы тіркеледі. 

2021 жылы қыркүйек айынан бастап 1bilim.kz цифрлық балабақшамен жұмыс жасауда.

Мемлекеттік аттестациядан өткен уақыты – 09.03.2023 ж.